28 Наурыз, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №121 

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2015 жылғы 10 наурыз, Астана, Үкімет Үйі «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., №32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы №121 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі №1055 қаулысымен бекітілген «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының 2014 – 2016 жылдарға арналған жылдық ставкалары Төлеушілер Төлемақының жылдық ставкалары, % Қалааралық және (немесе) 1,3992 Халықаралық телефон Байланысының операторлары 1,3992 Ұялы байланыс операторлары